Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов үздік спортшыларды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов үздік спортшыларды марапаттады

23.12.2014
Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов үздік спортшыларды марапаттады

Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ағымдағы жылы шаһарда спорттық инфрақұрылымды кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2015 жылы демеушілердің есебінен Усолка ауданында 50 метрлік бассейн мен футбол алаңының құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде", - деді Болат Жұмабекұлы.

Қала басшысы спортшыларға жоғары жетістіктері үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі және үздік спортшыларға грамоталар табыс етті.

«Павлодар қаласының үздік спортшысы – 2014» аталымы бойынша ақшалай сыйақыға жеңіл атлетика бойынша Жазғы Азиада ойындарының чемпионы Ольга Сафронова ие болды.

Сонымен қатар спорт тақырыбында белсенді түрде жазып жүрген БАҚ өкілдері де марапатталды.

Хабарламаларға жазылу