«Ән жүрегім, Астана!» байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән жүрегім, Астана!» байқауының жеңімпаздары анықталды

06.07.2014
«Ән жүрегім, Астана!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана күні қарсаңында «Ән жүрегім, Астана!» республикалық ән байқауының қатысушылары тыңдаушылар назарына елорда туралы 25 авторлық ән ұсынды.

Кеше Гала-концертте байқауда топ жарған орындаушылардың есімдері аталды, деп хабарлайды astana.kz.  

Астаналық «Тенгри»  тобы үздік атанды. Екінші орында елордалық «Ұмай» тобы және үшінші орында қостанайлық Әсел Іргебай. Орал қаласының әншісі Нұрсұлтан Қарабалиев Гран-при жүлдесіне ие болды.

Сонымен қатар, «Ән жүрегім, Астана!» республикалық ән байқауында өнер көрсеткені үшін «Үміт» аталымы бойынша Әкімхан мен Милана дуэті (Астана қ.), әнге өзіндік үн қосқаны үшін Азамат Сатханов (Павлодар қ.), заманауи өнер көрсеткені үшін Ақмаржан Байназарова (Астана қ.), «Үздік мәтін» аталымында Айдана Каткешова (Семей қ.) дипломмен марапатталды.

«Ән жүрегім, Астана» байқауының гала-концертінде «Арнау», «Кешью» топтары, Әли Оқапов, Луина, Маржан Арапбаева, Тамара Асар, Марат Омаров, Зарина Омарова, Серік Ибрагимов, Ерлан Көкеев пен «К7» тобы өнер көрсетті.

Айта кетейік, бес жыл бойы аталмыш байқау жас орындаушылардың, композиторлардың және авторлардың жұлдызын жағып келеді. Осы уақыт ішінде Астана туралы 100-ден астам ән жазылды.

 

Хабарламаларға жазылу