«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығын иеленді

16.06.2016
«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығын иеленді

Бауыржан Айтқазин бастаған «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқауында үздік деп танылды.

Байқауға биылғы жылы 53 жоба ұсынылған. «Телевизиядағы үздік журналистік жұмыс» аталымы бойынша  «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының «Бозшакөл: Қазақстан индустриясының игілігі үшін» бағдарламасы озық шықты.  «Алтын Гефест» мүсінімен  жоба авторы - телеарна директоры Бауыржан Айтқазин марапатталды.  

Жоба Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының ашылуы туралы баяндайды. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған өндіріс орны өткен жылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір кезінде «Парыз» сыйлығын иеленген болатын.

Айта кетейік, «Алтын Гефест» - тау-кен металлургия саласын БАҚ-та насихаттау бойынша жыл сайынғы ұйымдастырылатын ұлттық салалық байқау.

Хабарламаларға жазылу