«Қазгидромет» бірқатар өңірде күн күрт суытатынын ескертті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.
3 және 4 қазанда түнде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 4 қазанда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін. Батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.
Астана қаласында 3-4 қазан күндері жауын-шашынды болып, батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
4 қазанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, 4-5 қазан күндері Алматы облыстарында кей жерде жауын-шашын болып, батыстан күші 17-22 м/с болатын жел тұрады, ауаның температурасы түнде 0-3 градусқа дейін суытып, күндіз 7-12 градус жылы болады.
4-5 қазанда Қызылорда облысында ауаның температурасы төмендеп, түнде кей жерлерде 0-3 градусқа дейін суытады.