Басты Жаңалықтар «Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлер анықталды

«Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлер анықталды

«Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлер анықталды

Қазақ радиосының төл туындысы – «Дала дауысы» радиофестиваліне «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша қатысқан үміткерлерге дауыс беру аяқталды. Финалға жолдама алған үміткерлер анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін (25 қыркүйекте) интернет қолданушылар арасында көп дауысқа ие болған 5 үміткер келесі кезеңге өткен болатын. Бұл жолы тізімді Сыр сүлейлерінің жыр-термелерін нақышына келтіріп орындау арқылы тыңдаушысын тапқан Сәбит Дабылов толықтырды. Сондай-ақ, радиофестиваль ұйымдастырушыларының шешімімен үміткер Әйгерім Нартүйеева финалға жолдама алды.

«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлер:

Сәбит Дабылов – «Құмарын тарқат алқаның» термесімен;

Гүлмарс Аманбаева - «Қамшыгер» әнімен;                             

Күнсұлу Түрікпенова- «Қадірле ата-анаңды тірісінде» термесімен;        

Қайрат Кәкімов - «Үлкен айдай» әнімен;                                

Ақмарал Ноғайбаева – «Нартайдың нақыл сөзімен»;

Ардақ Исатаева -  «Інжу-маржан» әнімен;  

Әйгерім Нартүйеева – «Аяулым менің, арайлым менің» әнімен;

Бөлісу