«Astana Solar» ЖШС-нің фотоэлектрлі модульдері негізінде жасалған алғашқы күн электр станциясы Ресейдің Астрахань облысында іске қосылды, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Қуаты 250 кВт-қа тең «Наримановская» күн электр станциясы (КЭС) 29 қыркүйекте жұмысын бастады. КЭС 13 мыңдай тұрғыны бар Нариманов қаласын ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған күн жылу станциясы қазандығының насостарына қуат береді. Станция 5000 шаршы метр аумаққа орналасқан.
КЭС-тің қуат өндіруші жүйесі қуат шегі 240 Вт-қа дейін жететін 1060 күн модульдерінен құрастырылған. Бұл модульдер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны - «Astana Solar» ЖШС-да шығарылған.