Ресейде алғашқы Күн электр станциясы іске қосылды
Қыркүйек айында РФ Алтай Республикасының Қос-Ағаш ауданында елдегі алғашқы Күн электр станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы – 5 МВт.
Қос-Ағаш Күн электр станциясы Алтай Республикасы аумағында болған осы тектес бес жобаның алғашқысы. Осы электр станцияларының барлығының қуаттылығы 45 МВт-ға тең. Бұл аймақтағы 44 мыңнан астам тұрғыны бар үш ауданды электр жарығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Станциядан жылына 9 миллион киловатт-сағат электр энергиясын алу жоспарланып отыр. Күн электр станциясы соңғы жылдары Алтай аумағында өзекті болып тұрған энерготапшылық мәселесін шешеді деп күтілуде.
Фото: popmech.ru
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАтыраулық ғалым жатыр трансплантациясының жолын зерттеуде
17.06.2026, 13:15
Абай облысында 2 теміржол станциясы пайдалануға берілді
17.06.2026, 13:09
БҚО-да ауылдық округ әкімін жұмыстан шығарды
17.06.2026, 13:06
Трамп Иран соғысында мақсатына жетті ме?
17.06.2026, 13:03
Жеке деректерді таратып келген халықаралық арна жойылды
17.06.2026, 13:00
Килиан Мбаппенің қос голы Францияға жеңіс сыйлады
17.06.2026, 10:14