Ағадыр кентінде күн электр станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағадыр кентінде күн электр станциясы іске қосылды

27.09.2019

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясы іске қосылды. Жалпы аумағы 125 гектар жерге 150 мың гелиопанель орнатылды. Жобаға неміс инвесторлары қаржы құйған. Бұл - облыстағы үшінші күн электр станциясы. 

Енді мұнда 20 адам тұрақты түрде еңбек ететін болады. Барлық станцияның өндіретін қуаты 190 МВт-қа жетіп отыр. Егер жылу энергия орталықтары дәл осындай көлемде электр қуатын өндіретін болса, қоршаған ортаға тонналап газ тарайтын көрінеді. Демек бұл - энергия тапшылығын жою мен экоахуалды жақсартуға бағытталған тиімді жобалар. 

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

Жалпы, инвестицияларды алатын болсақ, осы үш станцияны салу үшін 70 миллиард теңгеден астам шетел инвестициясы құйылды. Осы станцияның өзіне 12 миллиард теңге қаражат құйылды. Германиядан тартылған инвестициялар.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу