Елбасы «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-ның металл конструкциялар зауытына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-ның металл конструкциялар зауытына барды

01.10.2014
Елбасы «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС-ның металл конструкциялар зауытына барды

Нысанды аралау кезінде Мемлекет басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды және «KMG Drilling & Services» ЖШС үшін арнап жасалған, өзін өзі көтеретін, Қазақстандағы алғашқы бұрғылау қондырғысы таныстырылды.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен кезінде кәсіпорынның шығаратын өнімдері өңірді және бүкіл мұнай-газ кешенін дамыту үшін маңызды екеніне тоқталды, сондай-ақ, олардың жұмыстарына жаңа жетістіктер тіледі.

Зауыт мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықтарды, өнеркәсіптік қондырғыларды құрастыру және салумен, кеме жасаумен, сондай-ақ, жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысады.  Кәсіпорында барлығы 548 адам жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу