Мемлекет басшысы Қызылордадағы күріш және тұз өндіру зауытына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қызылордадағы күріш және тұз өндіру зауытына барды

10.10.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр іске қосылған күріш зауытына да барды. Кәсіпорын жылына 30 мың тонна ақталған күріш өндіреді. Өнімнің басым бөлігі ішкі нарыққа, сонымен қатар көршілес елдерге өткізіледі. Зауытта 50 адам екі ауысыммен жұмыс істейді.

Сағидулла Сыздықов, «Алтын орда» ЖШС директоры:

Жыл басында ең алғашқы 70 тонна күрішті АҚШ-қа Нью-Йорк қаласына жібердік. Жалпы клиенттеріміз ТМД елдері, Орталық Азия елдері. Одан бөлек Нестле, Марс деген дүниежүзілік танымал мекемелер де  біздің клиентіміз.

Мемлекет басшысы осы өндірістік кешен аумағында былтыр іске қосылған тұз өндіру зауытын да аралап көрді. Аралдың тұзын кәдеге жаратып, ас тұзын шығаратын кәсіпорында 130 адам жұмыспен қамтылған. Өнім көршілес Ресеймен қатар, Латвия, Литва, Эстония, Беларусь мемлекеттеріне экспортталады. Биыл 160 мың тонна ас тұзын шығару жоспарланған.


Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу