Елбасы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға барды

03.09.2014
Елбасы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай өңіріне сапарында  «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ға барды

Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысы «Toyota Fortuner» және «SsangYong Nomad» автомобильдерін құрастыру үдерісімен танысты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.

Дайын өнімдер қоймасында Қазақстан Президентіне кәсіпорында шығарылған автомобильдер көрсетілді.

 «СарыарқаАвтоПром» ЖШС автомобильдер мен өзге де моторлы құралдар шығарады. Өндірістік қуатына сәйкес, кәсіпорын жылына 1500 автомобиль құрастырады. Онда  500-ге жуық адам жұмыс істейді. 

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу