Ә.Исекешев пен Астана қаласының әкімі елорданың өндірістік кәсіпорындарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Исекешев пен Астана қаласының әкімі елорданың өндірістік кәсіпорындарын аралады

22.01.2016
Ә.Исекешев пен Астана қаласының әкімі елорданың өндірістік кәсіпорындарын аралады

Олар газдалған алкогольсыз сусындар шығаратын «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС, «КСС-Астана» ЖШС-нің шыны өңдейтін зауыты, «Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық Компания» ЖШС-на қарасты «KazTexExpo» автоматтандырылған сауда-өндірістік кешені, электрондық-оптикалық құралдар шығаратын «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС мен металл конструкциялар мен «сэндвич»-панельдер шығаратын «СПЭН қоршау конструкциялары зауыты» ЖШС зауыттарында болып, индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Қалыптасқан экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына қарамастан, кәсіпорындардың барлығы жұмыстарын жалғастырып қана қоймай, қазіргі заманғы технологияларды және жаңа жобаларды жүзеге асырып, тұрғындарды жұмыс орындарымен, ал бюджетті тұрақты салық түсімдерімен қамтамасыз етіп, өз өндірістерін және өткізу нарығын ұлғайтуды жоспарлауда, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

«Кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қолайлы инвестициялық климат үшін жағдай жасау біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі»,- деді Ә. Жақсыбеков.

Қала басшысы Елбасының жеке араласуымен ШОБ пен инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары жыл сайын артып отырғанын атап өтті. 

Хабарламаларға жазылу