Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын Павлодардан бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын Павлодардан бастады

22.10.2022

Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын туған жері Павлодар облысынан бастады. Әуелі жастармен кездесіп, ұсыныс тілектерін тыңдады.

Ақсу кентіндегі Ферроқорытпа зауытына барып, кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Одан кейін жарты ғасырлық тарихы бар алюминий зауытына барды. Қазір облыста кандидатты қолдайтын арнайы штаб жұмыс істейді. Онда 10 адам бар.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:
Туған жерім, өз елім. Енді бірінші қадам болған соң, өз еліңнен нәр аласың ғой. Павлодар облысы - индустриалды облыс, металлургия жағынан, энергетика саласынан. Сондықтан, әрине осындай өндірістен бастау керек.

Хабарламаларға жазылу