Сенат сайлауынан 14 кандидат шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауынан 14 кандидат шығып қалды

29.09.2014
Сенат сайлауынан 14 кандидат шығып қалды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауына тіркелген 53 кандидаттың 14-і тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар сайлау додасынан өз өтініштері бойынша шыққан.  Қазіргі уақытта 1 қазанда өтетін сайлауға барлығы 39 кандидат тіркеліп тұр. 

«Дауыс беру күніне дейінгі екі күнде кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұған дейін тіркеуден шығарылған кандидатты қайта тіркеуге рұқсат етілмейді. Осыны ескерсек, қалған кандидаттардың барлығы алдағы сайлауға қатысатын болады», - дейді Бақыт Мелдешов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта барлық қажетті қорғау дәрежелері бар жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер әзірленген. Сайлау заңнамасына сәйкес бюллетеньдер сайлау күніне бір күн қалғанда тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіледі.

Еске сала кетейік, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы 2014 жылғы 1 қазанда өтеді.

Хабарламаларға жазылу