Антонио Бандерас Голливудпен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антонио Бандерас Голливудпен қоштасты

29.09.2014
Антонио Бандерас Голливудпен қоштасты

Танымал актер Антонио Бандерас еуропалық фильмдердің сапасын арттыру үшін Голливудтан кетіп, Испанияға бармақшы. Бұл туралы WENN порталы хабарлайды.

«Мен еліме қайтқым келеді. Сонда фильмдер түсірмекшімін. Голливуд – ол бренд. Осы бренд арқылы көптеген туындыны өмірге әкелуіме болатын еді. Алайда, өз елімде фильмдер түсіргім келеді», - дейді актер.

Айта кетейік, Антонио Бандерас Голливудта 23 жыл қызмет еткен.

Толық аты-жөні: Хосе Антонио Домингес Бандерас

Туған жылы: 1960, 10 тамыз

Туған жері: Испания, Малага

Азаматтығы: Испания

 

Фото: www.novostimira.com.ua

Хабарламаларға жазылу