Пирс Броснан «Арындылардың» үшінші бөліміне түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пирс Броснан «Арындылардың» үшінші бөліміне түседі

30.03.2014
Пирс Броснан «Арындылардың» үшінші бөліміне түседі
Голливудтың атақты актері Пирс Броснан «Арындылар» (The Expendables) франшизасының үшінші бөліміне түседі деп хабарлайды «Новости мира» басылымы.
 
61 жастағы Броснан атыс-шабыс жанрындағы фильмге түсуге келісім берген. Дегенмен, агент Джеймс Бонд рөлін сомдаушы актер әзірше жаңа фильм авторларымен ешқандай келісімшартқа отырмаған.
 
«Арындылардың» үшінші фильмі тамыз айында жарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Сценарий авторы - Сильвестр Сталлоне.
 
Картинада Голливудтың басқа да көптеген танымал актері ойнайды. Олардың қатарында Джейсон Стэйтем, Джет Ли, Антонио Бандерас, Уэсли Снайпс, Дольф Лундгрен, Мэл Гибсон, Харрисон Форд, Арнольд Шварценеггер бар.
 
Фильм 2010 жылы әлемдік прокаттан 274 миллион доллар табыс түсірді, ал өзінің бюджеті 82 миллион доллар болатын.
 
Бұдан соң фильмнің екінші бөлімі (2012 жыл) 305 миллион доллар жинады, оның бюджеті - 100 миллион доллар.

Хабарламаларға жазылу