Жауырыншы деген кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жауырыншы деген кімдер?

28.09.2014
Жауырыншы деген кімдер?

Қазақтардың дәстүрлi идеологиялық таным-түсiнiгiнде маңызды орын алатын төрт түлiк пен олардың дене мүшелерiне қатысты сипаттаманың пайда болуы бағзы дәуiрлер еншiсiнде.

Жауырыншылықтың әскери байланысын «есепшiнi жұт алады, жауырыншыны жау алады» деген мақалында көрiнiс тапқан. Қазақ тарихында белгiлi болған жауырыншылар қатарында Хан Абылайдың қолбасшыларының бiрi — Алау батырдың Қарақатыс жауырыншысы бар.

Сондай-ақ, Олжабай батырмен үзеңгiлес Бәсентиiн Жасыбай аталды. Соңғысы Баянауылда қалмақтармен айқасқанда, өзiнiң жауырыншылық өнерiне сенген ол қалмақ жауырыншысының әскерлерiнiң аттарын терiс қаратып ерттеткен айласына алдырған, өзi оққа ұшқан деген аңыз бар.

Бүгінгі замандағыдай ешбір технологияның көмегінсіз бар жағдайдан хабардар болып отырған жауырыншы деген кімдер? Бүгін 15.50-де «Қазақ даласының құпиялары» деректі фильмінен тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу