ҚР Суретшілер одағына кіру үшін жас суретшілерге қандай талап қойылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Суретшілер одағына кіру үшін жас суретшілерге қандай талап қойылады?

26.09.2014
ҚР Суретшілер одағына кіру үшін жас суретшілерге қандай талап қойылады?

ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы, профессор – Жанарбек Беріскен бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

ҚР Суретшілер одағына кіру үшін жас суретшілерге қандай талап қойылады? Бұл сауалға  қатысты профессор  Жанарбек Беріскен былай дейді: «Биылдан бастап Суретшілер одағында Жас суретшілердің бірлестігі құрылып жатыр. Жалпы, одаққа кіру не үшін керек? Алдымен, одаққа кіргенің – сенің суретші ретінде мойындалғаның. Ал талаптарына келер болсақ, жас суретші шығармашық дәрежесін  көрсете білуі керек. Көрмелерге қатыса беруі қажет. Сондай-ақ, үш суретшіден пікір алуы шарт. Одан басқа суретшінің туындыларын комиссия қарап, шешім шығарады. Соңғы кездері одаққа кіргісі келетін суретшілер қатары артып келеді. Былтыр 114 адамнан өтініш түсті»,- дейді.

Жақында баспасөз беттерінде әйгілі «Мона Лиза» сатылымға шықты деген ақпар тарады. Бұл турасында профессор: «Мұндай ақпарат бүгінде баспасөздің барлығында тарап жатыр. Францияның мемлекеттік қарызы триллионға жетіп  қалған көрінеді. Соны өтеу үшін атақты туындыны 1 миллиард АҚШ долларына сатамыз деген ұсыныс түскен.  Осыдан біраз жыл бұрын Бангкокта «Күнбағыс» атты картина 100 миллион долларға сатылған. Оны Жапония сатып алған. Сол себепті «Мона Лизаны» да дамыған елдер сатып алуы мүмкін. Бірақ, Франция халқы қарсы шығып жатыр. Меніңше, картинаны сата қоймайды»,- дейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу