Павлодарда үзіліссіз жұмыс істейтін көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда үзіліссіз жұмыс істейтін көрме ашылды

07.01.2015
Павлодарда үзіліссіз жұмыс істейтін көрме ашылды

Жыл басынан бері облыстық ҚР Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің ғимаратында үзіліссіз жұмыс істейтін көрме залы ашылып, жергілікті қылқалам шеберлерінің алпысқа тарта туындылары қойылды, деп хабарлайды «Сарыарқа самалы» газеті.

Кереку Суретшілер одағы филиалының мүшелері өткен жыл жемісті һәм жеңісті сәттерге толы болғанын айтады. Аталмыш қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен еліміздің басқа аймақтарында және алыс-жақын шетелдерде көрмелер өткен.

Атап айтқанда, суретшілердің туындылары «Еуразия арт: өнердің ұлы өзені» атты Ертіс өзенінің бойындағы үш ірі мемлекет – Қытай – Қазақстан - Ресей суретшілері үшін ұйымдастырылған көрмеге, Ресейдің Омбы қаласында өткен «Өнердің ұлы өзені» атты көрмеге қатысқан.

«Өткен жылдың күзінде облыстық Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің ғимаратынан жеті суретшіге шығармашылықпен айналысу үшін шеберханалар берілді. Сондай-ақ, аймағымызда көркемөнердің дамуына атсалысып, еңбек сіңірген әріптестеріміз Суретшілер одағына мүшелікке қабылданды», - дейді Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өсербай Шұранов.

Хабарламаларға жазылу