Астанадағы Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығында «Жастардың шығармашылық ұмтылысы» атты көрме өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығында «Жастардың шығармашылық ұмтылысы» атты көрме өтеді

10.06.2015
Астанадағы Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығында «Жастардың шығармашылық ұмтылысы» атты көрме өтеді

11 маусым күні, сағат 18.00-де  елордадағы Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығының көрме залында Ассамблея жылы және Ресей күніне арналған «Жастардың шығармашылық ұмтылысы» атты көрме өтеді. 

Шараға Қазақстан Суретшілер одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Тоқтар Ермеков, мүсінші Азат Баярлин, ҚР Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мәжит Бәйтенов және Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі Виктор Нефедов қатысады.

Көрмеге Астана қаласы «Жас суретшілер бірлестігінің» мүшелері Риза Тәжиева, Ғабит Серғазиев, Нұрсәуле Тұрсынбай, Динар Тастанбекова, Әлия Есілбаева, Алмас Макеев, Фарида Қамұратова, Ерболсын Бағыбаев, Нұрдәулет Әлкенов, Самат Жұлымов және Болатбек Салаевтың әртүрлі жанрдағы туындылары қойылмақ.

Көрмені ұйымдастырушы - Астана қаласы Суретшілер одағы және Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы.

Хабарламаларға жазылу