Меркель Түркияны Еуропа одағына алуға қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меркель Түркияны Еуропа одағына алуға қарсы

05.09.2017

Германия Түркияның Еуропа одағына кіру жөніндегі келіссөздерді тоқтатуды қалайды. Мұны канцлер Ангела Меркель бүгін Бундестаг алдында айтты. Мұндай ұсынысты ол Еуропа одағының қазан айында өтетін саммитінде талқылауды ұсынбақ. Өйткені, Ангела Меркельдің пікірінше, Түркия құқықтық мемлекет нормаларын жиі бұзатын болды. Айта кету керек, неміс үкіметінің басшысы бұл мәлімдемесін Германиядағы парламенттік сайлауға 3 аптадай ғана уақыт қалғанда жасап отыр. Ресми Анкараның ойынша, Меркель сайлаушылар алдында ұпай жинау үшін Түркияның одаққа өтуіне қарсылық білдірген.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу