Алматыда 20 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 20 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады

26.09.2014
Алматыда 20 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, алдағы эпидемиялогиялық маусымда А (H1N1), A (H3N2) және B үлгідегі вирустары ушығады  деп хабарлайды Алматы қ. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаменті. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 2014-2015 жылғы маусымда тұмауға қарсы вакцинаның құрамына жоғарыда келтірілген вирустардың штаммдары енгізіледі. Сарапшылардың айтуынша, егу  тұмауды алдын алудың ең тиімді әдісі болып қала бермек. «Әсіресе, балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге және басқа да адамдарға егу жасау үлкен маңызға ие», - дейді сарапшылар.

Алматыда 20 қыркүйектен бастап  жыл сайынғы тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады. Тұмаумен жиі ауыратындарға, диспансерлік есепке алынған алты айдан асқан нәрестелерге, 60 жастан асқандарға, екінші және үшінші триместр кезіндегі жүкті әйелдерге, медициналық қызметкерлерге, қарттар үйінің адамдарына, балалар үйі тәрбиеленушілеріне вакцина тегін жасалады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу