Медицина бірыңғай цифрлық кеңістікке көшеді
Елдегі медициналық ақпараттық жүйелер бірыңғай e-Densaulyq экожүйесіне біріктіріліп жатыр. Қазірдің өзінде 21 мыңнан астам медициналық ұйым мен 257 мың маманның дерегі цифрланған. Бір платформаға жинақталған ақпарат диагностика мен медициналық көмекті бақылаудың жаңа тетіктерін енгізуге мүмкіндік береді. Шымкентте бұл өзгеріс жасанды интеллект қолданылатын бірнеше жобадан көрініс тауып отыр. Аймақтағы әріптесім тарқатады.
Шымкентте денсаулық сақтау саласын цифрландыру диагностикаға да тың мүмкіндік беріп отыр. Шаһарда инсультті анықтауға жасанды интеллект көмектесе бастады. CEREBRA жүйесі компьютерлік томография кескіндерін талдап, мидағы ишемиялық зақымдану аумағын автоматты түрде белгілейді. Бұл дәрігерлерге инсульт ошағын ерте анықтап, емді уақыт оздырмай бастауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері жүйе 4 мыңнан астам зерттеуді өңдеген.
Бақытжан Позилов, №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері:
ЖИ енді басталып жатқан инсультты клеткa дәрежесінде бізге айтып береді. Науқaста инсульт басталып жатыр немесе басталады деп. Дәрігер әрі қарай шешім қабылдайды. Алайда соңғы шешімді операция жасау керек пе, керек емес пе, емнің тактикасын дәрігер қабылдайды.
Медициналық зерттеулерді талдаудың да тиімділігі артқан. Шымкентте PACS платформасы 21 медициналық ұйымдағы КТ, МРТ, маммография және рентген нәтижелерін бір базаға жинақтайды. Жүйедегі жасанды интеллект кескіндерді талдап, патологияны ерте анықтауға көмектеседі. Бүгінде платформа арқылы 231 мыңнан астам зерттеу өңделіп, 13 мыңнан астам қорытынды жолданған.
Дәулетбек Жұмағали, қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары:
Бірінші кезеңде жергілікті рентгенолoгтар мaмографиясын түсіреді. Ал ол автоматты түрде біздің орталыққа түседі, Пакс системасы қарaп oтырады. Барынша aaурудың aнықталу кезеңінің уақытын азайту, тиімді пайдaлану.
Цифрлaндыру медицинадағы қауіпсіздікті де күшейтіп отыр. Мәселен, Шымкенттің ауруханаларында агрессияны енді ЖИ анықтайды. Елде алғаш рет қабылдау бөлімдеріне ақылды бейнебақылау жүйесі енгізілді. Камералар қауіпті әрекет пен күмәнді заттарды танып, ақпаратты полицияның жедел бaсқару орталығына жібереді.
Айдос Өмірәлі, Өңірлік жобаларды басқару жөніндегі аға менеджер:
ЖИ-мен қамтылған, өзінің аналитикaсы бар. Қабылдау бөліміне келген бөгде адамдарды, розыскта жүрген, суық қарумен жүрген адамдарды, бөгде заттарды қойып кету: бомбaсы бар сумка қойып кететін жағдайлар болса оны уже камера анықтайды.
ЖИ негізіндегі цифрлық шешімдер мегаполистің жедел жәрдем қызметіне де енгізілді. Тәулігіне 2 мыңнан астам шақыртуға шығатын фельдшерлер енді арнайы видеожетонмен жүреді. Құрылғы бейнені диспетчерлік орталыққа тікелей жеткізіп, қауіп төнсе дабыл береді. Бұл қауіпсіздікпен қатар медициналық көмектің сапасын бағалауға да жол ашады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы