ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
Шығыс Қазақстан облысындағы ірі компаниялар бизнестің әлеуметтік жауапкершілгі бойынша жасалған меморнадумды нақты іске асырып жатыр. Өткен аптада Самар ауданы Құлынжон ауылында интернат пен спорт кешені пайдалануға берілсе, енді Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде «Өскемен құс фабрикасы» «Құс жол» деп аталын демалыс саябағын салып берді.
«Құс жолы» Он алты мың шаршы метр аумақты алып жатқан саябақта бәрі бар. Футбол, баскетбол ойнайтын алаң да салынды. Саябақта мәдени шаралар өткізіп, халықтың серуендеуіне де жағдай жасалған.
Аймұхамет Бәкімбаев, Ұлан ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Бизнеспен мына мемлекет бірігіп атқаратын жұмыстар көп. Осы жұмыстың біреуі - ашылып жатқан саябағымыз. Үлкендерге демалыс орны. Балаларға ойнайтын орын.
Өскемен құс фабрикасының құрылғанына биыл 30 жыл толды. Қазір мыңнан астам жұмысшысы бар елдегі ең ірі компанияның бірі.
Серік Толықбаев, меценат:
Қасым Қайсенов кентіне деген өзіміздің үлкен бір сыйлығымыз. Көріп жатсыздар, шамамыз келгенше, халқымыз үшін, еліміз үшін деп жұмысты істеп жатырмыз.
Істелген жұмыстың бағасын халық береді. Кәсіпорын әлеуметтік салаға үнемі демеушілік жасап келеді.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Осыдан дәл 10 жыл бұрын фабрикамыздың 40 жылдығына арнайы ардагерлер паркін ашқан болатын.Енді міне 10 жылдан кейін керемет саябақ беріп отыр. Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік жауапкершілік аясында көптеген істер тындырылып жатыр.
Тындырымды іспен көзге түскен жұмысшылар мемлекеттік медалмен мараппаталды.Ал фабриканың 30 жылдық мерейтойы Nomad Álemi фестиваліне ұласты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы