«Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жолаушыларға жеңілдік жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жолаушыларға жеңілдік жасалады

23.09.2014
«Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жолаушыларға жеңілдік жасалады

1 қазаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жолаушыға 35 пайыздық жеңілдік жасалады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұлпар-Тальго» пойыздарына баға қалыптастырудың қарқынды жүйесі мына бағыттағы пойыздарда енгізіледі: 19/20 Астана - Атырау, 87/88 Ақтөбе - Астана, 79/80 Астана - Шымкент, 77/78 Алматы - Атырау, 49/50 Алматы - Ақтөбе, сондай-ақ, жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған бағыттарда: 89/90 Астана - Қызылорда, 67/68 Астана - Защита (Өскемен қаласы), 69/70 Алматы - Защита (Өскемен қаласы), 35/36 Алматы – Шымкент, деп жазады astana.gov.kz сайты.

Хабарламаларға жазылу