«Жолаушылар тасымалы» жыл сайын 50 «Тұлпар-Тальго» вагондарын сатып алуды жоспарлап отыр

20.10.2017

«Қазақстан темір жолына» кіретін «Жолаушылар тасымалы» компаниясы жыл сайын жолаушыларға арналған 50 «Тұлпар-Тальго» жүрдек вагондарын сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша, ескі Испан вагондарын жаңасына алмастыратын болады.

Сондай-ақ, алдағы жылы көмір мен кен тасымалдайтын 1300 ашық және транзиттік контейнерлік тасымалдар үшін 3 мың вагон шығару жөнінде арнайы жоспар бар. Бұл мақсатқа шамамен 70 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 мың жұмыс орны бар 39 отандық компания жұмылдырылмақ.

Нұрбек Қабижан, ҚР ИДМ Көлік комитеті темір жол көлігі басқармасының жетекшісі:

- Осы жылдың аяғына дейін 62 тальго вагондары сатып алынады. Ол вагондар қаңтар айынан бастап Астана-Ленинагорск қатынасы бойынша ескі вагондарын алмастыратын болады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу