«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттерін сатып алуда жаңа жеңілдіктер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттерін сатып алуда жаңа жеңілдіктер енгізілді

31.01.2015
«Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттерін сатып алуда жаңа жеңілдіктер енгізілді

«Егер бұрын 35 пайыздық жеңілдік пойыздың жүруіне 44 тәуліктен 40 тәулікке дейін қалғанда ғана берілсе, енді 35 пайыздық жеңілдікті пойыздың жүруіне 10 тәулік қалғанда билет алған жағдайда және 20 пайыздық жеңілдікті пойыздың жүруіне 2 тәулік қалғанда билет алған жағдайда пайдалануға болады.

Мәселен, қазір Астанадан Атырауға дейін «Тұлпар-Тальго» пойызына билеттің базалық бағасы 14 054 теңге болса, билетті ертерек сатып алсаңыз, оның бағасы 9 223 теңгеге дейін арзандауы мүмкін.

Мұндай жеңілдіктерді «Тұлпар-Тальго» пойызының 19/20 Астана-Атырау, 87/88 Ақтөбе-Астана, 79/80 Астана-Шымкент, 77/78 Алматы-Атырау, 49/50 Алматы-Ақтөбе, 89/90 Астана-Қызылорда, 67/68 Астана-Өскемен, 69/70 Алматы-Өскемен, 35/36 Алматы-Шымкент бағыттары бойынша пайдалануға болады.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұрын енгізілген «Жастар», «Құрмет», «Саяхатшы» дисконттық (жеңілдікті) карталарының көмегімен де билет сатып алуға болады. Алдын ала билет алудағы 35 пайыздық жеңілдікті ескерсек, дисконтты карталарды пайдаланған жағдайда жолаушыларға 52 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу