«Қостанай-Астана» пойызына жолаушылар үшін жеңілдік 50 пайызға дейін жетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қостанай-Астана» пойызына жолаушылар үшін жеңілдік 50 пайызға дейін жетуі мүмкін

05.07.2015
«Қостанай-Астана» пойызына жолаушылар үшін жеңілдік 50 пайызға дейін жетуі мүмкін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №94 «Қостанай-Астана» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына 2015 жылғы 23 маусымнан бастап 15 пайыз мөлшерінде қосымша жеңілдік енгізілгені туралы хабарлайды.

Сондай-ақ, барлық «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билеттің сатып алу күніне, сатылуына және сұранысқа байланысты жол жүру құны өзгеріп отыратын тарифті динамикалық басқару бағдарламасы қолданылатынын ескертеді. 

Билетті ерте сатып алған жолаушының билетті негізгі құнынан 35 пайызға дейін төмен бағаға сатып алуға мүмкіндігі бар. Пойыз жөнелтілетін күнге қарай және сұраныс өскен жағдайда билет құны да өсетін болады.

Осылайша, «Қостанай-Астана» пойызына жолаушылар үшін жеңілдік 50 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Мәселен, «Турист» типті вагонға (билеттің негізгі құны 6 547 теңге ) билетті:

40 күн қалғанға дейін сатып алған жағдайда, 35 пайыз тарифті динамикалық басқару жеңілдігі қолданылады. «Қостанай-Астана» пойызы жолаушыларына осы сомаға тағы да 15 пайыз қосымша жеңілдік қосылады. Соңында билет құны төсек-орын жиынтықтарын қоса есептегенде 3 873 теңге болады.

7 күн қалғанға дейін сатып алған жағдайда, 15 пайыз тарифті динамикалық басқару жеңілдігі қолданылады. «Қостанай-Астана» пойызы жолаушыларына осы сомаға тағы да 15 пайыз қосымша жеңілдік қосылады. Соңында билет құны төсек-орын жиынтықтарын қоса есептегенде 5 546 теңге болады.

Хабарламаларға жазылу