«Таңшолпанда» - Қанат Ислам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Қанат Ислам

23.09.2014
«Таңшолпанда» - Қанат Ислам

Қазақтың мақтанышы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Таңшолпанға» сұхбат берді.

«Медеу» мұз айдынының маңын жаттығу жасауға ыңғайлы деп тапқан боксшы: «Шетелде жүргеніме 5 ай болды. Тау көрмейсіз. Ауа райы басқа. Шынын айтқанда, осы тауды сағынамын. Елге келген бетте тауға бір жүгіріп шығу – менің әр жолғы ұстанған әдетім», - дейді.

Өзімен бірге жаттығуға кішкентай ұлы Мансұрды  ерте келген Қанат: «Тауға, далаға шыққан жаттығуларымның бәріне ертіп жүремін. Себебі, туған жерінің осындай көркем, керемет екенін көріп өскен баланың туған елге, жерге деген құрметі ерекше болады, деп ойлаймын»,- дейді.

Былғары қолғап шеберінің бір күні қалай өтеді? Бұл турасында ол: «Таңғы сағат 04.30-да оянып, 05.00-де жаттығу басталады менде. Екі сағат жаттығу жасаймын. Сосын аздап демалып алған соң, қайтадан түскі жаттығуға кірісемін. Кейде күніне 3 мезгіл, кейде 2 мезгіл жаттығу болады.  Ал, жарыстың алдында тіпті қарбалас болып кетеді. Жарыстан кейін де көп демалуға болмайды»,-дейді.

Боксшының алдағы жоспары қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу