Қанат Ислам қарсыласын 1-ші раундта нокаутқа жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам қарсыласын 1-ші раундта нокаутқа жіберді

08.11.2015
Қанат Ислам қарсыласын 1-ші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жерлесіміз Доминикан Республикасының спортшысы Джонатан Батистаны 1-ші раундта нокаутқа жіберді.

Жалпы кәсіпқой рингте 20 жекпе-жек өткізген Қанат Ислам үшін бұл қатарынан 20-шы жеңісі. Оның 17-сінде ол қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Айта кетейік, АҚШ-тың Майами қаласында өткен кездесуден кейін Қанат Ислам тікелей эфирде «Бүгін жексенбі» бағдарламаына сұхбат берді. Сұхбатты мына сілтеме арқылы көруге болады.

Хабарламаларға жазылу