Нельсон Лопес: Қазір Қанат Исламның дәуірлеп тұрған шағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нельсон Лопес: Қазір Қанат Исламның дәуірлеп тұрған шағы

28.08.2017

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасының жаңа маусымдағы алғашқы шығарылымына танымал қазақстандық боксшы, WBA белбеуінің иегері Қанат Ислам мен оның жаттықтырушысы Нельсон Лопес қонақта болды.

Хабар барысында Қанат Ислам 9-қыркүйек күні канадалық боксшы Брэндон Кукке қарсы жекпе-жекке дайындығы жайлы айтып өтті.

«Дайындықтың барлығы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Тас-түйін дайынбыз. Жеңіске жетіп, елімен қуаныш сыйлағым келеді», - дейді спортшы.

Сонымен қатар, алдағы кездесуге Қанаттың дайындығы туралы боксшының бапкері Нельсон Лопес те тоқталды.

«Жаттығуымыз өте жақсы. Қанатты үздік жаттықтырушылар дайындап жатыр. Ол бұған лайық. Біз қазіргі жаттығу барысын тек келесі жекпе-жекке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа арнап жатырмыз. Қазір Қанат Исламның дәуірлеп тұрған шағы. Біз Алматыдағы тау бөктерінде жаттығып жатырмыз. Осы аптада дайындығымызды бастағанымызға 8 апта болды. Қанат Ислам бабында», - деді Н.Лопес.

Сұхбат соңында Қанат Ислам қарсыласының оңай шағылатын жаңғақ емес екенін, қазақстандық көрермендерді керемет бокс кеші күтіп тұрғанын айтты.

Хабарламаларға жазылу