Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін

22.09.2014
Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін

Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Гольф федерациясының президенті Нұртай Әбіқаев Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирінің жабылу салтанатында айтты.

«Қазақстандық турнирдің әлеуеті артып келеді. Оған Еуропалық турдың рейтингінің алғашқы жүздігіндегі ойыншылар қатысуда. «Енді Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирі еліміздің басқа да қалаларында өткізілуі мүмкін. Өйткені, гольф ойыны елімізде дамып келеді»,- деді Н. Әбіқаев.

Сонымен қатар, жабылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те қатысты.

Халықаралық Kazakhstan Open гольф-турнирі Еуропалық Челлендж тур серияларының бірі. Жыл сайын әлемнің 18 қаласында 26 турнир өткізіледі. Турнир сериясында алғашқы отыздыққа енген гольфшілер Еуропалық турдың бір жылдық карточкасына ие болады.

ҚазАқпарат

 

 

Хабарламаларға жазылу