Алматы қаласында «Kazakhstan Open-2015» гольф турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында «Kazakhstan Open-2015» гольф турнирі өтеді

09.08.2015
Алматы қаласында  «Kazakhstan Open-2015» гольф турнирі өтеді

Алматыда 10-13 тамыз күндері 11-ші халықаралық «Kazakhstan Open-2015» гольф турнирі өтеді.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 450 мың еуро болды.
ҚР Гольф федерациясы президенті Серік Сұлтанғалиевтың айтуынша, «Kazakhstan Open» ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып келеді.  

Ел намысын 5 спортшы қорғайды. 

Аталмыш спорттық байқау елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға көмектеседі. 

Хабарламаларға жазылу