Гольфтен халықаралық «Kazakhstan open-2014» турнирі аяқталды
Алматыда қала күніне орай гольфтен «Kazakhstan open-2014» халықаралық турнирі өтті.
10 жыл қатарынан ұйымдастырылған сайысқа 20-дан астам елден 132 спортшы қатысты.
Бұл сында ел намысын Нұртай Салдаров, Александр Вангай және Нұрлан Мақұлбеков қорғаған болатын, алайда бас жүлдені британдық спортшы Сэм Хэтсби қанжығасына байлап кетті.
Жарыс деңгейі жыл санап көтеріліп келеді дейді қатысушылар. Жүлде қоры да қомақты, 450 мың еуродан асады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа турына жолдама ұтып алды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42
163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
12.03.2026, 13:34
Шымкентке Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
12.03.2026, 13:30
Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
12.03.2026, 13:28
Ақмола облысында 125 отбасы баспаналы болды
12.03.2026, 13:24
Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді
12.03.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам құрудың кепілі
12.03.2026, 13:17