«Бурабай OPEN-2019» халықаралық турнирі Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бастамасымен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бурабай OPEN-2019» халықаралық турнирі Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бастамасымен өтті

31.07.2019

Елімізде үстел теннисі дамып келеді. Алайда, айтарлықтар қарқынды емес. Сондықтан осы спорт түрінен жарыстарды жиі өткізу қажет. Бурабайда осы мақсатта байрақты бәсеке ұйымдастырылды. Халықаралық жарысқа еліміздің және Ресейдің спортшылары қатысты. Барлығы 80-нен асады. Турнирде әуесқойлар да, кәсіби спортшылар да болды. Жас ерекшелігі бойынша да шектеу қойылған жоқ. Қатысушылар жарыстың ұйымдастырылуына жоғары баға берді. «Бурабай OPEN-2019» халықаралық турнирі Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бастамасымен өтті.

Әлібек Бескемпіров, теннисші:

Бала кезімнен ойнаймын осы үстел теннисін. Жақсы ойнаймын. Жеңуге тырысамыз. Енді әр жылғы болады деп, жақсы болар еді, әр жыл өзіміз қатысамыз. Енді жылдан жылға дамып тұр. Бірақ әлі орын бар дамытуға. Тоқтамай тек қана көтеру керек әрі қарай.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу