22 қыркүйек – Тілдер мерекесі

22.09.2014
22 қыркүйек – Тілдер мерекесі

22 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған – мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде.

Елордада өткен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты кеште қазақ тілінің нағыз жанашырлары ескерусіз қалмады.

«Елбасының бір ғана «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», деген 4 ауыз сөзден тұратын қағидасын орындасақ, мемлекеттік тілдің мәтебесі артады, еліміздің де көсегесі көгереді»,- дейді «Егемен Қазақстан» газеті АҚ президенті Сауытбек Әбдірахманов.

Мәртебелі  тілді ұлықтаған жиындардың мақсаты бір. Мемлекеттік тілдің негізгі факторы екенін ұғындыру. Елбасы Жолдауында да «ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», деп шегелеп айтқан болатын.

Қазақ тілі – әлемдегі 6 мыңға жуық тілдің ішінде қолдану өрісі жағынан 70-ші, ал тіл байлығы жағынан алғашқы ондықта.

Мемлекеттік тіл ұлықталған жиын туралы толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу