Талдықорған қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндері өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндері өтуде

30.09.2014
Талдықорған қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндері өтуде

Алматы облысындағы Жамбыл облысының Мәдениет күндері облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Тараз - ғасырлар куәсі» көрмесімен ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Мәдениет күндері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтіп жатыр. Бағдарлама бойынша Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері Ш.Айтматовтың «Ана-Жер Ана» драмасын сахналайды, сондай-ақ, аймақтағы екі өнер ордасы - қазақ және орыс драма театрларынан отандық және шетелдік драматургтердің балалар мен ересектерге арналған спектакльдері мен қойылымдарын тамашалауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар тілдер сарайында жамбылдық зиялы қауым өкілдерінің талдықорғандық оқырмандарымен кездесуі өтеді.

Мәдениет күндерінің салтанатты түрде жабылуы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Жамбыл облысының белгілі музыканттарының және әртістерінің қатысумен өтетін гала-концертпен аяқталмақ.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу