Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы: Елордада ғылыми конференция өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы: Елордада ғылыми конференция өтіп жатыр

05.09.2022

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында елордамыздағы қаламгерлер аллеясындағы «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.

Алаштың үш арысының ескерткішіне гүл қою рәсіміне үш министр мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұдан кейін Еуразия ұлттық университетінде «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты ғылыми конференция басталды. Халықаралық деңгейдегі жиынға отандық ғалымдар және алыс-жақын шет елдерден зерттеушілер келген. Ондағы мақсат – Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын жаңаша зерттеп, зерделеу.

Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстан жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры:

Бүгінгі қазақ тағдырында қазақ тілінің жағдайы қалай? Бүгінгі қазақ баласы біздің тілімізге қандай махаббат, қандай ілтипатпен қарап жатыр деген мәселе таразылайтын күн. Тек ғана Ахаңның туған күні, тілдер мерекесі деп ғана өте салатын нәрсе емес. Әрбір ұрпақтың санасына ой салатын күн деп ойлаймын. Ахаңның аруағы ырза болсын, ел аман болсын.


Хабарламаларға жазылу