Астанада 2014 жылы Мексика елшілігі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2014 жылы Мексика елшілігі ашылады

19.09.2014
Астанада 2014 жылы Мексика елшілігі ашылады

2015 жылы Астанада Мексика біріккен штаттары дипломатиялық өкілдігін ашады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Келіссөздер барысында Ерлан Ыдырысов ҚР Мексиканың елшілігі ашылатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. МҚШ-ның ішкі істер хаьшысы Х. Мид Курибренья Мексиканың да қазақстандық тарапқа 2015 жылы Астанада елшілік ашу туралы шешімін жеткізді», делінген хабарламада.

Келіссөздердің маңызды нәтижесі – дипломатиялық, ресми және қызметтік төлқұжаттардан  визалық талаптардың алынып тасталуы турасындағы үкіметаралық келісімге қол қою болды. Бұл екіжақты серіктестікке қосымша дем береді.

Сондай-ақ, екі ел сыртқы істер министрлігі арасында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Матиас Ромеро атындағы дипломаттарды дайындайтын институт арасында меморандумға қол қойылды.

Хабарламаларға жазылу