Басты Жаңалықтар «Ұмай» ипотекасы қайта басталады

«Ұмай» ипотекасы қайта басталады

«Ұмай» ипотекасы қайта басталады. Азия даму банкі «Отбасы банкке» тағы 20 млрд теңге бөлуі мүмкін. Бұған дейін тамыз айында 9 млрд теңге жібергені белгілі. Барлығы 855 өтінім қабылданып, бөлінген қаржы небәрі 7 сағат ішінде толық игерілді. Шарттарына келсек, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8 пайыз, қарыз сомасы 50 млн теңге көлемінде еді. Бастапқы жарна Астана мен Алматыда 20, өңірлерде 15 пайыздан басталды. Жаңа транш бойынша өтінім қабылдау күні, қатысу тәртібі мен несие шарттары әзірге жарияланған жоқ. «Отбасы банк» бұл туралы қосымша ақпаратты жақында хабарлайтынын мәлімдеді.

Бөлісу