Басты Жаңалықтар БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды

БҰҰ Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды. Кейінгі жеті жылда біздің тарап ұсынған бірнеше жоба ғаламдық сипат алып, халықаралық деңгейде іске асып келеді. Мәселен, былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы арнайы қарарды қабылдады. Енді 22 сәуір «Халықаралық планетаны көгалдандыру» күні ретінде аталып өтіледі. Бұл датаны Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте өткен Ассамблеяның 80-сессиясының жалпы пікірталастары барысында ұсынған болатын. Бастамаға 32 мемлекет дауыс берді. Құжат әлемдік қоғамдастықты табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге үндейді.

Әнел Бағдатқызы, ҚР ЭТРМ Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы

Бүгінде экологиялық мәселелер бір ғана елдің шеңберінде шектелмейді. +03:00  Халықаралық жұмыстың тағы бір маңызды нәтижесі БҰҰ Бас Ассамблеясының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы қарарының қабылдануы.  

Бөлісу