«Бавария» жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бавария» жеңіске жетті

18.09.2014
«Бавария» жеңіске жетті

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде мюнхендік «Бавария» «Манчестер Сити» командасымен кездесті. Ойын «Баварияның» пайдасына шешіліп, немістер 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың 90-шы минутында қорғаушы Жером Боатенг қарсыласының қақпасына гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша ол кездесудің үздік ойыншысы атанды.

«Ойынның алғашқы жартысында қарсылас командаға гол соғуға зор мүмкіндік болды. Алайда, матч басында қиындықтар туындады. Қарсыластарымыздың қарқыны күшті болғандықтан, шабуылға емес, қорғанысқа көп көңіл бөлдік. Жеңіске ризамын», - дейді команда қорғаушысы Филипп Лам.

Ал, «Баварияның» шабуылшысы Томас Мюллер: «Өкінішке қарай, ойынның басында гол сала алмадық. Бұл - менің қателігім. Біздің ойыншылар жан-жақты. Қазір футболшылар универсалды болу керек», - дейді.

Айта кетейік, «Бавария» «Рома», «Манчестер Сити», «ЦСКА Мәскеу» командаларымен Е тобында бақ сынауда.

 

Фото: www.championat.com

Хабарламаларға жазылу