«Барселона» жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барселона» жеңіске жетті

19.02.2014
«Барселона» жеңіске жетті

Футболдан чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы кездесулер мамандар болжағандай аяқталды. Испандық «Барселона» сырт алаңда «Манчестер Ситимен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

 
Ойындағы бірінші гол 54 минутта соғылды. Голдың авторы - Лионель Месси. 90 минутта Дани Алвес ойындағы соңғы голды соғып, есепті 2:0 ге жеткізді. Сондай-ақ, Байер өз алаңында франциялық «ПСЖ»-ны қабылдаған.
 
Бұл ойында Златан Ибрагимович бастаған ұжым қарсыластарын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Қарымта кездесулер 12 наурыз күні өтеді. Айта кетейік, бүгін түнде тағы екі кездесу болады. «Арсенал» өз алаңында «Баварияны» қабылдаса, «Милан» «Атлетикомен» күш сынасады.

Хабарламаларға жазылу