«Нағашыма» әні қалай туды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нағашыма» әні қалай туды?

18.09.2014
«Нағашыма» әні қалай туды?

«Жігіттің жақсысы - нағашыдан», дейді. «Балалығың ұстаса, нағашыңа бар» деген мәтелді де жиі естиміз. Нағашы – туыстық атау. Ананың төркіні баласына нағашы болады. Ал, әженің төркіні немересіне түп нағашы делінеді.

Жалпы, қазақ әні тарихында нағашыға арналған әндер некен-саяқ, саусақпен санарлықтай. Солардың бірі – Клара Төленбаеваның орындауындағы Медет Салықовтың «Нағашыма» әні.

Бүгін әнші, композитор Медет Салықов телефон арқылы Қазақ радиосына сұхбат беріп, бұл әннің тарихын баяндап берді.

«Алғашында әннің өлеңі өзіме қатты ұнап қалды. Содан бір түнде әні де өмірге келді. Алайда, өлеңнің авторын білген жоқпын», - дейді ол.

Әннің тарихын толық білгіңіз келсе, «Бір әннің тарихы» хабарын тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу