Абай Бегей: Өзгенің өнерімен талассаң да, бағымен таласпа (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Бегей: Өзгенің өнерімен талассаң да, бағымен таласпа (ВИДЕО)

24.12.2017

«Таңшолпан» төрінде әнші Абай Бегей қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Әншінің өнерде жүргеніне 10 жыл толды. Жақында оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Осы марапатқа қатысты әнші ойын ортаға салып, танымал болуына «Аспанға қараймын» әні ықпал еткенін жеткізді.

«Өнерге келгенімше бейнебаяным, бірнеше әнім болды. «Аспанға қараймын» әні шыққанша бүткіл қаражатымды салдым.  2013 жылы қалай «Аспанға қараймын» әні шықты, содан бері жағдайым жақсарды. Танымал бола түстім. Тіптен,  осы ән арқылы Кубада концерт бердім», - дейді әнші.  

Сонымен қатар, өнер иесі бағдарлама барысында отбасындағы жаңалықтарымен бөлісіп, тойларға тегін шыққан кездері болғанын да айтты.

Хабарламаларға жазылу