«HIT Qazaqstan» ән-шеруінің өткен аптадағы жеңімпазы Қуандық Рахымның «Қалай да» әні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«HIT Qazaqstan» ән-шеруінің өткен аптадағы жеңімпазы Қуандық Рахымның «Қалай да» әні (ВИДЕО)

17.01.2018

  «HIT Qazaqstan» ән-шеруінің жаңа маусымының екінші аптасының қорытындысы белгілі болды.

  Өткен аптаның аутсайдерлер қатарына төмендегі әндер енді.

«Moonlight» тобының - «Kiss» әні

Мақпал Исабекова мен Нұржан Керменбаевтың - «Айта бермеші» әні

 Ринат Ғайсинның - «Сүйемін» әні

Ұшқын Жамалбектің - «Сені іздеймін» әні

Серік Ибрагимовтің - «Бар, бар» әні

Айта кетейік, аз дауыс жинаған бұл әндер шеру тізімінен шығарылды.

 

  Сондай-ақ, төмендегі әншілер осы аптадағы ҮМІТКЕРЛЕР қатарына енді. Олар:

V.I.A. Negry - «Іздеймін сені» әні

Сиви Махмұди - «Кел, жаным» әні

Елдос Жанұзақ & Бекзат Молдабергенов - «Ерке қыз» әні

Заттыбек Көпбосынұлы - «Перзент тілегі» әні

Әсет Есжан - «Ауылымды сағындым»

Бұл аптада аталған әншілер өткен аптадағы үздік бестікпен сайысқа түседі.

 

   Ал, үздік бестіктегі 5-орынға «Ерке Есмахан KZ жігіт» әні жайғасса, 4-орынға Сиви Махмұди «Кел, жаным» әні ие болды. «BN» тобы «Ғашық болу» әнімен 3-орыннан көрінсе, 2-орынға Қайрат Түнтеков «Ұшқан бағым» әнімен жайғасты. Сонымен, өткен аптадағы абсолютті жеңімпаз, яғни көрермендердің басым дауысына ие болған Қуандық Рахымның «Қалай да» әні жеңімпаз деп танылды.

Көрермендер осы аптадағы шерудің үздік әнін http://vote.kaztrk.kz/hit/ сайтына кіріп, дауыс беру арқылы анықтайды.  

Хабарламаларға жазылу