«Сыған серенадасы» қалай шықты?

08.04.2015
«Сыған серенадасы» қалай шықты?

Шәмші – қазақ деген халыққа, ал халық Шәмші деген алыпқа айналды. Шәмші әндері айтқан сайын жаңғыра, жаңара түседі. Оның әрбір әні тұла бойдың толқынын, сол кездің сағынышын жеткізеді. Композитордың жазған әр әні жеке бір тарих, өзінше бір сыр шертеді. Сыған қызына арналған серенаданың болмысы өзгеше. Ән қалай шықты?

«Сыған серенадасы» - Шәмшінің шоқтығы биік әндерінің қатарында. Шығарманың шығу тарихына келсек, Шәмші бір кездері сығандар тобына еріп, Изольдаға өлердей ғашық болған деген секілді алып-қашпа әңгімелер көп.

Композитордың жары Жәмилә Қалдаяқованың айтуынша, «ол – бос әңгіме. Шәмші тек сығандардың ән өнеріне қатты қызыққан».

Әр саққа жүгірген әңгіменің тууына себепші болған композитордың өмірі еді. Өйткені, Шәмші үйде байыз тауып отыра алмайтын. Халық үшін жаралған өнер адамы құлазып жүрген шақтарында сиқырлы әлемді іздейтін. Алматыда сығандардың сауық кештерін сырттай тамашалап қана жүрген деседі. Міне, сол кезде «Сыған серенадасы» әні шыққан.

Әнді алғаш кім орындады? Ән негізінде қандай әдеби шығармалар жазылды? Ән қай әншінің  бағын ашты? Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу