Нағашыға арналған әнге бейнебаян түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нағашыға арналған әнге бейнебаян түсірілді

06.03.2014
Нағашыға арналған әнге бейнебаян түсірілді
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші – Клара Төленбаева «Таңшолпанда».
 
«Нағашыма» деген әнді орындап жүргеніме біраз болды. Бірақ, осы әннің авторын таба алмай жүр едік. Жақында әннің сөзін жазған Қизатбек Нұрболсынұлы деген өзіміздің жерлес ағамыз екенін білдік. Осы өлеңге  жазылған Медет Салықовтың «Нағашыма» әніне бейнебаян түсірдік. Әнді халық назарына наурыз айының ортасынан бастап ұсынбақпыз»,-дейді әнші.
 
Бұл әнді таңдаудағы себебін әнші былайша түсіндіреді: «Нағашыға арналған әндердің қатары  аз. Әрі ол әндер көңілдірек, жеңіл нақышта орындалатын әндер. Үш жұрттың ең ұлысы – нағашы жұрт қой. Әрі қазақта «үйдің жақсысы - ағашынан, баланың жақсысы - нағашыдан» деген бар. Әннің сөзі керемет, мәні-мағынасы бар ән болғандықтан, таңдау осы әнге түсті».
 
Клара Төленбаеваның орындауындағы «Нағашыма» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыз.

Хабарламаларға жазылу