Деректі фильмдер конкурсы Пермде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Деректі фильмдер конкурсы Пермде өтеді

01.03.2015
Деректі фильмдер конкурсы Пермде өтеді

18-24 қыркүйек аралығында Пермде «Флаэртиана» халықаралық деректі фильмдер фестивалі өтеді. Конкурсқа деректі фильмнің негізін қалаушылардың бірі – Роберт Флаэртидің эстетикасын дамытуды көздеген әлемнің кез келген елінде дайындалған туындылар қабылданады.

Фестиваль бағдарламасы аясында конкурстан тыс тақырыптық кино көрсетілімдер, теориялық пікір-таластар, семинарлар өткізіледі.

Айта кету керек, байқауға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін түсіріліп болған фильмдер ғана таңдалады. Сондай-ақ, ағылшынша титры болуы маңызды.

Конкурстың Гран-при жүлдесі – «Большой Золотой Нанук».   Сондай-ақ, «Жаңа тақырыптар мен жаңа кейіпкерлерді ашқаны үшін», «Үздік көркем шешім» жүлделері тағайындалған.

Өтініштер 15 наурызға дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу