Алматыда әлеуметтік жобалар конкурсы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әлеуметтік жобалар конкурсы өтеді

04.09.2014
Алматыда әлеуметтік жобалар конкурсы өтеді

Бүгін Алматыда қалалық «Қазақстанда жасалған үздік әлеуметтік жоба» конкурсы өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамдық  қолдау көрсету.

Конкурсқа қатысушылар естелік сыйлықтармен, сеғртификаттармен марапатталады.

Алматы қаласы бойынша бірінші орын алған жеңімпаз республикалық конкурқа қатысуға мүмкіндік алады.

Хабарламаларға жазылу